Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Учаске» іс-шарасы: елордада 15 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды

Елордада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықпен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Астана қаласының аумағында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Өткізіліп жатқан іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің бекітілген әкімшілік аумағындағы тұрғындармен танысып, азаматтардың арасында болған әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерді тексеруде. Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 15 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР аумағында тіркеусіз тұрғаны үшін 6 мыңға жуық адам, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 400-ден астам азамат және мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 1800-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру