Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында қосалқы мердігерге жолдағы қауіпсіздікті сақтамағаны үшін айыппұл салынды

Алматы облысында қосалқы мердігерге жолдағы қауіпсіздікті сақтамағаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қарашада мердігерлік ұйым Шелек ауылындағы кәріз желілерін қайта жаңарту учаскесінде жол-көлік оқиғасы болды.

Тoyota Camry көлігін басқарған жүргізуші әйел жол бойында қажетті ескерту белгілерінсіз қалған топырақ пен үйінді түріндегі кедергіге соғылып қалды. Оқиға салдарынан зардап шеккен жүргізуші аудандық ауруханаға жатқызылды.

Еңбекшіқазақ ауданының полицейлерімен қажетті қауіпсіздік шараларын сақтамаған және жолда ескерту белгілерінсіз кедергі қалдырған қосалқы мердігер анықталды.

Жолдарда жұмыс жүргізу жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін қосалқы мердігер ұйым айыппұл санкцияларымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері автожолдарға 2027 зерттеу жүргізілді, олардың әрқайсысының қорытындысы бойынша тиісті нұсқамалар шығарылды. Жол-коммуналдық ұйымдардың 281 лауазымды тұлғасы автожолдарды, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын және инженерлік құрылыстарды тиісінше ұстамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұрын жіберілген нұсқамалардың талаптарын орындамағаны үшін 29 жауапты тұлғаға қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру