Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер демалыс күндері 10 мас жүргізушіні анықтады 

СҚО-да полицейлер демалыс күндері 10 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжірибе көрсеткендей, адамдардың көпшілігі демалыс күндері спирттік ішімдіктер ішіп, кешке жақын немесе түн ортасында көлік тізгініне отыруды әдетке айналдырады. Дәл осы уақытта полицейлер де жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын күшейтеді.

Өткен демалыс күндері Петропавл қаласында және облыс аудандарында 10 мас жүргізуші анықталды. Олардың барлығы әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Жүргізуші медициналық куәландырудан бас тартқан жағдайда 15 тәулікке қамаққа алынып, ұзағырақ мерзім – 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы көзделген.

Дәл осы жаза 29 жастағы жүргізушіне қолданылмақ. Ол ВАЗ-21070 автокөлігін жүргізіп келе жатқан жерінде облыс орталығындағы орталық көшелердің қиылысында тоқтатылды. Оны тексерген кезде ащы судың иісі шығып тұрған, бірақ ол медициналық куәландырудан бас тартқан.

– 10 айдың ішінде мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан бір адам қаза тапты, 24 адам жарақаттар алды. Көлікті мас күйде жүргізу – жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзұ. Мұндай фактілердің жолын кесу бойынша жұмыстар ұдайы жүргізіліп тұрады, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру