Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында вейп өнімдерін сатқан дүкен анықталды

Құлсары қаласында вейп өнімдерін сатқан дүкен анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылыой ауданында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында азық-түлік дүкенінде вейп өнімдерінің сатылып жатқанын анықтаған. Тергеу кезінде 31 жастағы кәсіпкердің өз дүкенінде заңсыз темекі өнімдерін саудалағаны белгілі болды. Тексеріс барысында 123 дана вейп өнімдері және 5 дана насыбай өнімдері табылып, тәркіленді. Күдікті кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, 2024 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңына қол қойды. Бұл заң 20 маусымда күшіне енген және Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын нормаларды қамтиды. Заңсыз вейп өнімдерін сатқандарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру