Оралда полиция жасөспірімдерге қатысты 35 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Оралда ювеналды полиция қызметкерлері жастар ресурстық орталығымен бірге ойын-сауық мекемелері мен компьютерлік клубтарда рейдтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Демалыс күндері Орал қаласының ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелері мен компьютерлік клубтарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Рейдтер барысында полицейлер мұндай орындарға баруға жас шектеулерінің сақталуын тексерді және жасөспірімдердің ересектердің еріп-жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болмауын тексерді. Іс-шара құқық бұзушылық жағдайларының алдын алуға және кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен өзге де жағдайларға ықтимал қауіп төндіретін жерлерде болуы мүмкін фактілерді анықтауға бағытталған.
Сонымен қатар тексеру барысында жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен, сондай-ақ ойын-сауық және компьютерлік клубтардың иелерімен кәмелетке толмағандардың осындай жерлерде болғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар 35 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, атап айтқанда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүрудің 31 дерегі, түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол бергені үшін 2 тұлға жауапкершілікке тартылса, балаларын тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін 2 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Полиция ата-аналарға балаларды бақылауды күшейту қажеттілігін, әсіресе кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ жасөспірімдердің мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеудің маңыздылығын еске салады.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар үшін қауіпсіз орта құру үшін профилактикалық рейдтер одан әрі жалғасатын болады.