Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында рейдтік іс-шаралар өткізілді

Абай облысында рейдтік іс-шаралар өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының “Восточный” саяжай алқабында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті-рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шараға барлығы 72 адам тартылып, саяжай аумағы толық қамтылды. Жұмыс барысында құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға, проблемалық отбасылар мен профилактикалық есепте тұрған азаматтардың жағдайын зерделеуге, сауда орындарындағы заң талаптарының сақталуын тексеруге ерекше көңіл бөлінді.

Рейд нәтижесінде жалпы 123 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде 28 азамат қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болғаны үшін, 2 тұлға ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін, 1 тұлға белгіленбеген жерде темекі шеккені үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, тиісті құжаттарсыз алкоголь өнімдерін өткізудің 1 фактісі, алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салу түріндегі ерекше талаптарды бұзудың 1 фактісі анықталды. Тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрып жатқан 19 азамат анықталып, кәмелетке толмағандардың тәрбиесі, білімі, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған 3 тұлға жауапкершілікке тартылды. Өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 18 тұлғаға тиісті шаралар қолданылды.

Жол қауіпсіздігі бағыты бойынша 20 құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, оның ішінде көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың 1 фактісі анықталды. Аталған дерек бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Іс-шара барысында 623 тұрғын үй араланып, тұрғындармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Азаматтарға тұрмыстық қауіпсіздік, балаларды қараусыз қалдырмау, интернет-алаяқтықтан сақтану, жеке мәліметтерді қорғау және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.

Саяжай аумағындағы 38 сауда дүкенінің иелерімен алкоголь және темекі өнімдерін өткізудің белгіленген тәртібін сақтау жөнінде профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Заң талаптарын сақтау, қажетті құжаттардың болуы және кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатуға жол бермеу жөнінде түсіндірілді.

Құқық бұзушылық жасауға бейім 56 азаматтың тұрғылықты жері тексеріліп, олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3 отбасы “Қолайсыз отбасылар” профилактикалық есебіне қойылды.

Сонымен қатар 22 азаматтық қару иесінің қаруды сақтау және тіркеу талаптарын орындауы тексеріліп, оның барысында азаматтық, қызметтік, марапаттық және коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзудың 1 фактісі анықталды. Аталған дерек бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара қабылданды.

Жалпы, рейд барысында құқық бұзушылықтардың жолын кесумен қатар, олардың алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Тұрғындармен тікелей байланыс орнатылып, қауіпсіздік мәселелері түсіндірілді, проблемалық санаттағы азаматтар мен отбасылар бақылауға алынды. Жүргізілген жұмыс “Восточный” саяжай алқабындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру