Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтарға азық-түлік таратылды

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтарға азық-түлік таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Шиелі аудандық пробация есебіндегі азаматтарға “Жігер” қоғамдық қоры қайырымдылық көмек көрсетті.

Есептегі екі азамат та тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар. Оларға бірінші кезекте қажетті ұн, қартоп, күріш, пияз және өзге де азық-түрлері таратылып берілді. Көмек алған есептегі азаматтар алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.

– Пробация есебіндегі азаматтар арасында жағдайы төмен отбасылар да бар. Есептегі азаматтар болған соң, бәрінің тұрмыстық, әлеуметтік жағдайы бізге мәлім. Сол себепті үнемі азық-түлік таратып, әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп, олармен құқық бұзушылық оқиғаларын болдырмау мақсатында профилактикалық мәні бар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы Қайрат Байгенжеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру