Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері арасында шахматтан облыстық турнир өтті

2024 жылға арналған «Динамо» ҚҚҚ ҚБ спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Семейде Абай облысы бойынша ҚАЖД мен мекеме қызметкерлері арасында шахматтан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Турнирге он қызметкер қатысты. Олар жарысқа ерекше құлшыныспен қарап, шахмат ойынының тамаша үлгісін көрсетті

Іс-шараның мақсаты – шахматты насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру, сондай-ақ ҚР ІІМ ҚАЖК құрама командасын дамыту болды.

Жеңімпаз Абай облысы бойынша ҚАЖД №23 мекемесі бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы Нұрбол Қуандықов атанды.

Екінші орын Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Қадырманов Ерланға бұйырды. Үшінші орынды № 19 мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары Мерей Жолтабаров алды.

– Погон тағатын адамдардың интеллектуалды ойындар ойнауы өте маңызды. Жақында біздің қызметкерлер тек спортпен ғана емес, сонымен қатар интеллектуалды спорт түрлерімен де танымал бола бастады. Шахмат интеллект пен логикалық ойлауды дамытады, бұл өз кезегінде күрделі шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әсіресе құқық қорғау қызметкерлері жұмысының ерекшелігінде маңызды, – деп атап өтті Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Райгүл Саугабаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру