Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Пробация есебіне алынған азаматтарды қайта әлеуметтендіру, қылмыстың алдын алу мақсатында пробация есебіндегі тұлғалармен жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. №6 аймақ учаскелік полиция пунктінде қалалық пробация есебіндегі осы аймақтағы тіркеудегі 20-ға жуық сотталғанмен кездесу өтті, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Н.Рахменшиев пен пробация қызметінің инспекторлары Е.Шанжаров және Н.Қыдырбекқызы есептегі тұлғаларға жаза өтеу тәртібі мен талаптары, міндеттерімен жауапкершілігі және құқықтарын түсіндіре отырып, қайта қылмыс пен құқық бұзушылыққа және жаза өтеу тәртіп бұзушылыққа бармау керектігі де ескертілді.

Назира Қыдырбекқызының айтуынша, есептегілер күнделікті мекенжайларынан тексеріліп, оларға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

– Әрбір есептегі азаматтармен зерделеу жұмыстарын жүргіземіз. Әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек түрлерін көрсетеміз. Тұрақты жұмыспен қамтылуы үшін жергілікті органдармен бірлесе жұмысқа орналастырамыз. Егер жеке кәсіп ашамын деген мақсаты болса, кәсіпкерлікті оқытуға, мемлекеттен қайтарымсыз грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттарды жинақтауға көмек береміз. Қазіргі таңда есептегі азаматтар арасында өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар да бар. Біздің басты мақсатымыз – қайта қылмыстың алдын алу, есептегі тұлғаларды қайта әлеуметтендіру, – дейді Назира Қыдырбекқызы.

Кездесу соңында есептегі тұлғалар өздерінің көкейінде жүрген мәселелері бойынша сұрақтар қойып, жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру