Павлодарда «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясының жеңімпаздары марапатталды
Павлодарда «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясының жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы акциясы аясында Павлодар облысының 554 оқушысы қолдаған «жүргізушіге хат» челленджінің қорытындысы шығарылды. Іс-шараның мақсаты – облыс тұрғындарының назарын жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесіне, атап айтқанда, жас жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне аудару.
Өз роликтерінде оқушылар жол жүру ережелерін бұзбауға, жылдамдық режимін қатаң сақтауға, шағылыстыратын элементтерді қолдануға, баланы автомобиль салонында тасымалдау кезінде автокреслоларды қолдануға шақырды. Роликтердің көп бөлігі жолдың жүріс бөлігін дұрыс кесіп өтпеген жаяу жүргіншілерге арналған.
Қазылар алқасына жеңімпазды таңдау қиынға соқты, өйткені оқушылар байқауды үлкен қызығушылықпен және жауапкершілікпен өткізді. Байқау қорытындысы бойынша Т. П. Праслав атындағы Ертіс мектебінің оқушылары және Железин ауданының білім бөлімінің Веселорощинск жалпы білім беретін орта мектебі жеңімпаз атанды.
Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орынбаев жеңімпаздарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, оқуда табыс, тамаша бағалар, бақытты болашақ тілеп, жолдағы қауіпсіздікке немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс айтты.
Балаларға полиция мұражайына барып, Павлодар полициясының құрылу тарихын сақтайтын экспозициялар көрсетілді.
Балалар формалық киім-кешектерді, техниканы, фотосуреттер жинағын үлкен қызығушылықпен қарап, полиция қызметкерлерінің әңгімесін мұқият тыңдады.
Полицейлер мұндай іс-шараларды өткізу жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жүргізушілер арасындағы тәртіпті арттыруға көмектеседі деп үміттенеді. Ал жас жаяу жүргіншілер жүргізушілердің әрқайсысының жол қауіпсіздігі мәселелеріне деген санасы мен жауапкершілігіне сенеді.