Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі қауіпсіздік: Полиция жасөспірімдер мен ата-аналардың жауапкершілігі туралы ескертеді

Полиция жасөспірімдер мен ата-аналардың жауапкершілігі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер күн сайын кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуын тексеруге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізуде. Негізінен жастар көп жиналатын орындар – ойын-сауық мекемелері, саябақтар, аулалар мен подъездер бақылауға алынады.

Мысалы Екібастұз қаласындағы Астана көшесіндегі дәмханада сағат 23:00-де ата-анасының қарауынсыз кәмелетке толмаған бала болған. Сол сияқты Ертіс ауданына қарасты Северное ауылында түн ортасында ауыл көшелерінде жалғыз жүрген жасөспірім тоқтатылды. Ал Павлодар ауданының Набережное ауылында да түн жарымында ата-анасыз жүрген жасөспірім анықталды.

– Барлық жасөспірімдер полиция бөлімшесіне жеткізілді, ата-аналары шақырылды. Полицейлер оларға балалардың түнде үйден тыс жерде жүруінің қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түнгі уақытта жасөспірімдер қылмыстың объектісі де, субъектісі де болуы мүмкін екендігі ескертілді. Осы оқиғалар бойынша ата-аналар жауапқа тартылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген мекеме иесі де әкімшілік жазаға тартылды, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы осындай тәртіп бұзушылықтар үшін 2702 ата-ана жазаланса, балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 78 мекеме иесі жауапкершілікке тартылды.

Полиция кәмелетке толмаған балаңыздың қайда екенін білмесеңіз және ол телефон қоңырауларына жауап бермесе, уақыт жоғалтпай дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру