Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жастарға арналған кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті

Абай облысында жастарға арналған кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында ауқымды кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараға Шырақбай Қабылбаев атындағы Ішкі істер министрлігінің Академиясы қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының оқытушылары арнайы шақырылды.

Кездесу Семей қаласындағы бірнеше мектеп пен колледжде өтті. Шараны ұйымдастыруға Семей қаласындағы қауіпсіздігі аралас мекеменің кадр және тәрбие бөлімі қызметкерлері белсенді атсалысты. Олар жас буынға қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке орналасу тәртібі мен Ішкі істер органдарында жұмыс істеудің артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді. Академия өкілдері де өз кезегінде оқу орнына түсу тәртібі мен мүмкіндіктері жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

– Мұндай кәсіптік бағдар беру шаралары түлектер үшін ұзақ әрі табысты мансап жолының бастауына айналуы мүмкін екенін өз тәжірибемнен жақсы білемін, – деді кадр және тәрбие бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова.

Кездесу жастардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға ықпал ететін маңызды қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру