Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда Сәлімбек Алденовты еске алуға арналған АӘД кабинеті салтанатты түрде ашылды

11 желтоқсанда Чернигов орта мектебінде әділет капитаны Сәлімбек Алденовты еске алуға арналған алғашқы әскери дайындық кабинеті салтанатты түрде ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл кабинет тек ерлік пен батылдықтың нышаны ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақ елінің нағыз қаһармандары туралы таным алатын қасиетті орын болмақ.

2006 жылдың 17 шілдесінде, сол қайғылы күні әділет капитаны Сәлімбек Алденов Тобыл өзенінің бойымен жүріп бара жатып, суға батып бара жатқан баланы көреді. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, ол еш ойланбастан көмекке ұмтылып, ерекше ерлік пен жанқиярлық танытты. Алайда бұл әрекеті оның өз өмірін қиған еді. Оның бұл ерлігі – азаматтық борышқа адалдық пен биік адамгершіліктің жарқын үлгісі.

Ерлігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Сәлімбек Алденов қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл оның қоғам алдындағы парызын адал атқарғанын және өз борышына деген адалдықтың мәңгілік үлгісі болғанын айғақтайды.

Жаңа ашылған АӘД кабинеті Сәлімбек Қабенұлының жарқын бейнесін жүректерде жаңғыртып, жас ұрпақты батылдық пен ерлікке баулитын орынға айналады. Ол ерлік рухын сақтап, қадір-қасиетке толы өнегелі істерге шабыт сыйлайтын символ болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру