Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны полицейлерге кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғыс айтты

Павлодар тұрғыны полицейлерге кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын Павлодар қаласының полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар мен оң пікірлер түсіп жатады. Азаматтар өз ризашылықтарын әлеуметтік желілерде бейнеөтініштер арқылы немесе Ішкі істер министрінің атына жазылған хаттар арқылы жеткізуде.

Соңғы алғыс хаттардың бірі Павлодар облысы адвокаттар алқасының адвокаты Ерхат Мұсалимовтан келіп түсті. Ол өз хатында полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен тиімді жұмысына ерекше тоқталды.

– Павлодар облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Жолдас Қаламов пен Оралсын Құдайбергеновке кәсібилігі үшін алғысымды білдіремін. Менің өтінішім бойынша олар тез арада шара қолданып, сол күні-ақ шағымыма жауап берді. Бұл – олардың ішкі істер органдары жұмысына қосқан үлкен үлесінің дәлелі. Жігіттер өте сыпайы, сауатты және өз ісінің нағыз шеберлері. Осындай қызметкерлер үшін алғысым шексіз. Оларға жұмыста табыс, мықты денсаулық тілеймін, – деп жазылған хатта.

Полицейлер үшін тұрғындардың алғысы – жауапкершілікке ынталандыратын үлкен күш. Азаматтардың сеніміне ие болу – ішкі істер органдарының басты мақсаттарының бірі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар өз міндеттерін орындау барысында әрдайым құрмет, әдептілік және қамқорлық танытуға тырысады. Азаматтардың алғыс сөздері бізді одан әрі жігерлендіріп, қызметімізді сапалы атқаруға жетелейді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғау жолында күн сайын қажырлы еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына айтылған жылы лебіздер олардың қызметіне деген сенімнің айқын көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру