Алматыда полиция тұрғылықты жері бойынша тіркеудің маңыздылығын еске салды
Алматыда полиция тұрғылықты жері бойынша тіркеудің маңыздылығын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының полиция департаменті азаматтарға тұрғылықты жері бойынша міндетті түрде тіркелу қажеттігін тағы да ескертеді.
– Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 492-бабына сәйкес, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз 10 тәуліктен бір айға дейін тұру ескерту жасалуына әкеледі. Ал бір айдан астам тіркеусіз тұру үшін 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған, – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Жанна Жақыпбаева.
Сонымен қатар уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібіне де назар аударылады. Бұл рәсім тұрғын үй иесінің жазбаша немесе электрондық түрде берілген келісімімен жүзеге асырылады. Электрондық тіркеу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі тұрғындарды осы талаптарды сақтауға шақырады.