Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы ПД бастығы «Аманат» партиясында азаматтарды қабылдады

23 желтоқсан күні Алматы облысы полиция департаментінің бастығы «Аманат» партиясының аймақтық филиалында азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу құқық қорғау органдарының ашықтыққа және қоғаммен диалог орнатуға деген ұмтылысының тағы бір дәлелі болды.

Іс-шараның басты мақсаты – аймақ тұрғындарының өзекті мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу болды. Азаматтар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ полиция қызметінің басқа да салаларына қатысты түрлі сұрақтармен жүгінді.

– Полиция бастығы әрбір өтініш берушіні мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жедел шешу үшін тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ерекше назар талап ететін күрделі жағдайларға аударып, барлық өтініштер жеке бақылауға алынды, – деп атап өтті полиция өкілдері. 

Мұндай кездесулер мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтып, билік пен халық арасындағы тұрақты диалогты қалыптастыруға ықпал етеді. Ашықтық пен азаматтарды тыңдауға деген дайындық өзара түсіністік орнатуға көмектесіп, қауіпсіз әрі әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру