Астанада алаяқтықтың 49 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Астанада алаяқтықтың 49 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы ПД Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша, алаяқты анықтады.
58 жастағы зейнеткер шет елде оқытуды ұйымдастыратын қызмет орталығына алданып қалған. Жәбірленуші немересінің армандарын орындаймын деп, қателікке жол берді. Күдікті оқуға баратын бес шет елді ұсынып, өз есеп шотына ақшаны аудартып алады. Шығын көлемі шамамен 18 млн теңге.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыған ұқсас тағы 49 эпизод бар екені белгілі болды.