Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полиция қызметкерлері жаңа жылды игі істермен бастады

Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жаңа жылды игі істермен бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтардың алғашқы күндерінен-ақ сақшылар жауын-шашынның мол түсуіне байланысты жеке үйлерде тұратын зейнеткерлерге көмек көрсетуге белсене кірісті.

СҚО Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының офицерлері мен аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлері мен олардың жесірлеріне барып, қол ұшын созды. Қызметкерлер қарттарды мерекемен құттықтап, қажет болған жағдайда материалдық көмек көрсетіп, аулаларын қардан тазалап, тұрмыс жағдайларын жақсартуға атсалысты.

Сондай-ақ Петропавл қалалық полиция басқармасының басшылығы Жұмысшы кентіндегі «Аяла» қарттар үйіне барып, ондағы зейнеткерлердің хал-жағдайын білді.

Бұл қайырымдылық шаралары «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылды. Зейнеткерлерге қамқорлық көрсету – полицейлердің тұрақты дәстүрлерінің бірі. Құқық қорғау органдарының өкілдері қарттарға тек мереке күндері ғана емес, жылдың әр кезеңінде көңіл бөліп, көмек көрсетуді өздерінің азаматтық міндеті деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру