Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды

Қылқан жапырақты жас ағаштардың заңсыз кесілуінің, тасымалдануының және сатылуының жолын кесу мақсатында «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында 711 жұмылдыру тобы құрылды. Жалпы 2450 рейдтік іс-шара өткізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1011 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:

  • ағаштарды заңсыз кесудің 8 фактісі;
  • белгіленбеген жерлерде сатудың 574 фактісі;
  • жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзудың 429 фактісі.

4,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Одан бөлек, 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру