Оралда полицейлер есірткі сатумен айналысқан күдіктіні құрықтады
Оралда полиция қызметкерлері Қостанай облысының тұрғынын есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қаласында полиция қызметкерлері Қостанай облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіттен ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 37 "зип-пакет" тәркіленді. Сондай-ақ күдікті есірткі жасырған жерлерді көрсетіп, нәтижесінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 5 "зип-пакет" тәркіленді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.