Павлодар облысында жол ережесін бұзған такси жүргізушілері анықталды
Павлодар облысында жол ережесін бұзған такси жүргізушілері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы бір тәулік ішінде Павлодар облысында бірнеше заң бұзушылық анықталды. Полиция департаментінің мәліметінше, төрт такси жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізген, ал тағы 20 жүргізуші жолаушыларды тасымалдау барысында телефонмен сөйлескен. Бұдан бөлек, кейбір тасымалдаушылар жолаушыларды тасымалдау талаптарын өрескел бұзып, маневр жасау ережелерін сақтамаған, міндетті сақтандыруды рәсімдемеген. Сондай-ақ жеті такси жүргізушісі техникалық тексеруден өтпеген көліктермен қызмет көрсеткені анықталды.
Мысалы, Екібастұз қаласындағы Энергетиктер көшесінде Mercedes Benz C200 көлігі тоқтатылды. Жүргізушісі мас күйде бола тұра, жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан. Павлодар қаласында да осыған ұқсас жағдай тіркелді. ВАЗ-21120 көлігінің жүргізушісі мас күйінде тұрғындарды тасымалдаған.
Барлық құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Мас жүргізушілердің көліктері арнайы тұраққа қойылды.