Алматыда жазалы жасөспірімдерге ҰБТ тапсыру тәртібі түсіндірілді
Алматыда жазалы жасөспірімдерге ҰБТ тапсыру тәртібі түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласындағы балалар колониясында жоғары сыныпта оқитын жасөспірімдерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың тәртібі мен жолдары түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстарын Алматы қаласы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі Қ. Малдыбаев өткізіп, сотталған балалардың онлайн форматта жоғары білім алу құқығын талқылады. Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның №11 мекемесіндегі жалпы білім беретін мектепті бітіруші сотталғандарға жыл сайын онлайн форматта жоғары білім алу құқығы туралы ақпарат беріліп отырады. 2022-2023 оқу жылында мекеме ішіндегі №3 мектепті бітірген сотталған балалар алғаш рет ҰБТ тапсырды. Бүгінгі таңда аталған мекемеде 67 жасөспірім жалпы білім беретін мектепте білім алып жатыр.
Кездесу барысында оларға ҰБТ тапсырып, шекті балл алса, жоғары білім алуға мүмкіндіктері бар екені түсіндірілді.