Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция мектепте жол қауіпсіздігі бойынша сабақты ойын түрінде өткізді

Алматыда полиция мектепте жол қауіпсіздігі бойынша сабақты ойын түрінде өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жаяу жүргінші» іс-шарасының негізгі мақсаты – балаларды жол-көлік оқиғаларынан болатын жарақаттанудан қорғау және мектеп оқушыларының жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрысын қалыптастыру. Бұл шара аясында қаланың жалпы білім беретін мектептерінде балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Бұл шаралар кешені тәрбиелік және сыныптан тыс жұмыстарды, ата-аналармен жұмысты, ақпараттық қолдауды қамтиды.

– №210 жалпы білім беретін мектепте бастауыш және орта сынып оқушылары арасында ойын форматында тақырыптық ашық сабақ өтті. Ойын түрінде балаларға жолда қандай жағдайлар туындауы мүмкін екенін көрсеттік. Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан олардың өмірі мен денсаулығына ештеңенің қауіп төндірмеуі өте маңызды. Бала кішкентай кезінен жол ережесін, көшеде өзін-өзі ұстауды білуі керек, – дейді Алатау аудандық ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Шыңғыс Нұрахметов.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, аудан жолдарындағы апаттылықты азайту мақсатында тұрақты негізде көше-жол желісін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді шараларды қабылдау үшін ұсыныстар уақытылы жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру