Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-дағы бір ауданда жасөспірімдер арасында бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Мамлют ауданында бір жыл ішінде жасөспірімдердің қатысуымен бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстың жай-күйі және жұртшылықпен өзара іс-қимыл – бұл туралы Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Петр Климов «Күш – бірлікте» атауымен өткен мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылына арналған конференцияда баяндама жасады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 17,4%-ға азайды (2023 ж. – 86, өткен жылы – 71). Ауыр қылмыстар саны 24-тен 14-ке дейін азайды. Аса ауыр қылмыстарға (тонау, қарақшылық шабуылдар, адам өлтіру) жол берілмеді. Сондай-ақ ауданда кәмелетке толмағандар тарапынан немесе оларға қатысты бірде-бір қылмыс тіркелмеді.

Петр Климов өзекті сұрақтарға да тоқталды. Мәселен, мас күйде жасалған қылмыс саны 5,3% (19-дан 20-ға дейін) өскен, отбасы-тұрмыстық жанжалдар да 21,4% (126-дан 153-ке дейін) артып отыр. Бұл да маскүнемдіктің көбеюінен туындаған.

Белсенділер тұрмысы қолайсыз отбасыларды бақылауға, жалғызбасты зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсетуге, маскүнемдерді мәжбүрлеп емдеуге жіберуге көмектеседі. 2024 жылы қоғам өкілдерімен бірлесіп, жұмыс істеу нәтижесінде мәжбүрлеп емдеуге 15 азамат жіберілді. Климов өзара іс-қимылды күшейтуге шақырды.

– Біз барлығымыз әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланамыз. Егер азаматтардан полицияның құзыретіне кіретін арыз-шағымдарды байқасаңыздар, бұл туралы учаскелік инспекторға хабарлаңыз. Жұртшылықпен өзара іс-қимыл – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды бөлігі, – деп атап өтті полиция бөлімінің бастығы.

Бұдан бөлек, Петр Климов Мамлют ауданының еріктілеріне алғысын білдірді. «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде жоғалған адамдарды іздеу, жол-көлік оқиғаларының, нашақорлық және интернет-алаяқтықтың алдын алу сияқты полиция жұмысының бағыттарын белсенді жастар тарапынан қолдау өте маңызды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, полиция қызметкерлері конференцияға қатысушылар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу туралы жадынамалар таратып, қылмыстың осы түрімен күресу үшін күш біріктіруге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру