"Тұрмыс" ЖПІШ: Қызылорда облысында 58 тұрғын полиция есебіне алынды
Қызылорда облысында “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 123 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында Қызылорда полицейлері 20 қаңтардан бастап республика аумағында бастау алған "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатыр. Іс-шараның алғашқы тәулігінде есепте тұрған 500-ге жуық азамат тексерілді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу - ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында. Іс-шараның алғашқы күнінде 123 әкімшілік хаттама ресімделді.
Отбасы тұрмыстық қарым қатынастар саласындағы құқық бұзуға бейім 58 облыс тұрғыны полицияның профилактикалық есебіне алынды. Оның 44-і тұрмыстық зорлық -зомбылыққа қатысты заң бойынша қорғау нұсқама санатымен болса, 14 құқық бұзушының мінез-құлқына соттармен ерекше талаптар белгіленді.