Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы бойынша “Динамо” ДШСҚ төрағасы сайланды

Мейрам Әбікеев Алматы облысындағы “Динамо” ДШСҚ төрағасы болып сайланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша “Динамо” дене шынықтыру спорт қоғамдық бірлестігінің мүшелері бірауыздан облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті төраға етіп сайлады.

Дауыс беру Орталық кеңес төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұловтың қатысуымен спорт қоғамдастығы филиалы Президиумының кезектен тыс отырысында өтті.

– Ең алдымен конференцияға қатысушыларға сенім білдіріп, Президиум құрамын бекіткендері үшін алғыс айтамын. Динамо – қазақстандық спорттың ажырамас бөлігі және қозғаушы күші, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру және арнайы даярлығын дамытуға, жетілдіруге жәрдемдеседі. Сондықтан алға қойылған міндеттерді шешуде бізге үлкен үміт артылып отыр, – деді облыс департаментінің бастығы өз сөзінде.

 

– Спартакиадалардың танымалдығы жыл сайын артып келеді. Бұған көптеген спорт түрінен қатысушылар санының артуы дәлел. Полицейлердің спорттағы жетістіктері тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Өткен жылы халықаралық жарыстарда динамолықтар 100-ден астам медаль жеңіп алды, – деп атап өтті Асқар Омарқұлов.

Президиум мүшелері өткен кезеңді қорытындылап, алдағы уақытқа арналған негізгі міндеттерді белгіледі. Орталық кеңес өкілдері құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерін дене шынықтыру мен спортқа белсенді тартуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру