Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте есірткі граффитиінің авторы ұсталды

Шымкентте есірткі граффитиінің авторы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 29 жастағы ер адам бұрын есірткі қылмысы бойынша сотталған және осы жолы да заңды бұзған. Ол Telegram арқылы жұмыс тапқан. Граффити жазу бойынша нұсқаулар алып, есірткі сататын сайттарды жарнамалау мақсатында ғимарат қабырғаларына жазбалар қалдыруды бастапты. Әлеуметтік желі арқылы онымен байланысқандар оған ақша емес, есірткі беруге уәде берген.

Алғаш рет шығып, 30-дан астам жазба қалдырғаннан кейін, полиция қызметкерлері оны түнгі рейд кезінде ұстады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Анықталғандай, күдікті есірткі тұтынады және бұған дейін де сотталған. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың прекурсорларын насихаттау және заңсыз жарнамалау қылмысы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру