Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер жекеменшік зоодүкеннен Қызыл кітапқа енген жануарды тәркіледі

Қарағандыда полицейлер жекеменшік зоодүкеннен Қызыл кітапқа енген жануарды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлеріне Теміртау қаласындағы зоодүкенде Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануардың бар екені туралы хабарлама түсті.

"Зооқорғау альянсы" өкілдерімен бірлескен тексеру барысында жекеменшік коллекцияларда ұстауға қатаң тыйым салынған, жойылып кету қаупі бар қоңыр капуцин (приматтар тұқымдасы) анықталды. Дүкен иесі бұл жануарға қатысты ешқандай құжат ұсына алмады.

35 жастағы зоодүкеннің басқарушысының айтуынша, капуцин оған уақытша күтіп-бағуға қалдырылған, алайда иесі ешқандай құжат бермегені белгілі болды. Жойылып бара жатқан жануарлармен заңсыз айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында бұл сирек кездесетін жануардың Қазақстанға қалай әкелінгені анықталатын болады.

Құжаттарды тексеру кезінде заңды растайтын құжаттары жоқ дала түлкісі (степной корсак) де табылды. Зоодүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру