Абай облысында ірі есірткі тасымалдау арнасы жойылды
Абай облысында ірі есірткі тасымалдау арнасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізудің тұрақты арнасын жою бойынша іс-шаралар жүргізді. Жедел іс-шаралар барысында автокөлікпен ірі көлемде есірткі тасымалдап бара жатқан үш жергілікті тұрғын ұсталды. Нәтижесінде 110 келіден астам марихуана тәркіленді, оның нарықтық құны 35 миллион теңгеден асады.
Аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қылмыстық топ жасаған іс-әрекетке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аймақта есірткінің заңсыз айналымына қарсы белсенді күрес жалғасуда.