Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ММА-дан және қысқы көпсайыстан облыс чемпиондары атанды

Полицейлер ММА-дан және қысқы көпсайыстан облыс чемпиондары атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің спорттық қоржынына алғашқы жеңісті Жанат Қабдөш пен Ердаулет Сайдоллаев салды.

2 ақпанда ПД аппаратының қызметкерлері ММА-дан облыстық чемпионатқа қатысып, өз салмақтары (74 және 79 келі) бойынша бірінші орынға ие болды.

Олардың әріптестері Виктор Трегуб қысқы көпсайыстан облыс чемпионатында екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жас мөлшеріне қарай, 24-34 жас арасында бірінші орынды еншіледі, сондай-ақ аталған спорт түрінен СҚО-ның абсолютті чемпионы атанды.

Айта кететіні, бұл чемпионатта Ардақ Хадесов спорт шеберіне үміткер атағына норматив тапсырды.

Полицейлердің спорттық жетістіктері — жақсы физикалық дайындықтың көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ басқа қызметкерлерге бос уақыттарын спортқа арнауға және салауатты өмір салтын ұстануға тамаша мотивация болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру