Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Электронды білезіктен құтылмақ болған ақмолалық қайта қамауға алынды

Электронды білезіктен құтылмақ болған ақмолалық қайта қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының 45 жастағы тұрғыны, бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған азамат, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып, пробация қызметінің бақылауына алынған еді. Алайда заң талаптарын сақтамай, белгіленген тәртіпті бұза берді – ай сайынғы есепке келмеді, еш жерде жұмыс істемеді, қарт анасымен бірге тұрып, өзінің түзелу жолына түспегенін көрсетті.

Оның тәртібіне алаңдаған аудандық пробация қызметкерлері жеке бақылауды күшейтіп, сотталушыға электронды білезік тақты. Бұл құрылғы оның барлық қозғалысын тіркеп, қадағалауға мүмкіндік берді. Алайда шектеулерге көнгісі келмеген ер адам білезіктен құтылудың жолын іздеп, ақыры оны кесіп тастады.

Алайда мұндай әрекеті жазасыз қалмады. Пробация қызметінің талаптарын бұзғаны үшін Бурабай ауданы прокуратурасының өтініші негізінде апелляциялық сот оның қалған жазасын бас бостандығынан айырумен алмастырды.

Енді заңды елемеген сотталушы жазасының қалған бөлігін түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру