Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін қолдануда

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың 60-тан астам фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығын сомасы бірнеше миллион теңгеге жетеді.

Полицейлер профилактикалық шараларды жаңа форматта жүргізуде — түсіндіру жұмыстарына тәуекел топтарын тартып жатыр, оған білімді, экономикалық белсенді адамдар, яғни оқытушылар, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер кіреді.

Алаяқтықтың ықтимал зардап шегушілері үлестірме материалдарды алады. Содан кейін адамдар жаппай жиналатын орындарға барып, киберқылмыскерлердің негізгі қауіптері туралы тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндіреді.

Тәртіп сақшылары, прокуратура өкілдері және тәуекел топтарының адамдары автовокзалдың күту залында жадынамалар таратты, шалғайдағы елді мекендерге кеткелі тұрған автобустарға кіріп, жолаушыларға киберқылмыстардың қаупі жайлы айтты. Негізгі кеңестер — SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтпау, бейтаныс адамдардың қысымымен қаржылық операциаларды орындамау. Ақшаға қатысты кез келген ақпаратты ресми арналарға қоңырау шалып тексеру.

Полицейлердің айтуынша, алдын алу сипатындағы ақпарат түсіндіру жұмыстарына қатысып жүрген азаматтар үшін пайдалы деп есептейді. Бұған дейінгі осыған ұқсас түсіндіру жұмыстарына дәрігерлер де қатысты. Айта кету қажет, сол күннен бастап облыста бір де бір медицина қызметкері алаяқтардың қармағына түспеді. Полицейлер киберқылмыстарды ескертудің жаңа тәсілдерін келешекте пайдалануды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру