Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада телефон ұрлығы әшкереленді

Астанада "Iphone 16 Pro" ұялы телефонын алдап алып кеткен алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада сақшылар азаматтардың мүлкін заңсыз иемдену дерегі бойынша күдіктіні ұстады. Оқиға барысында қаладағы компьютерлік клубтардың ішінде жас жігіттің жәбірленушіге телефон қоңырауын шалу қажеттілігін айтып, "Iphone 16 Pro" телефонын  алдап алып, жәбірленушіге байқатпай ізін суытқаны мәлім болды. Осылайша ол шамамен 700 мың теңге көлемінде шығын келтірді.

Оқиға орнына жедел жеткен Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 20 жастағы күдіктіні анықтады.

Қазіргі уақытта ол ұсталып, абақтыға қамалды. Полиция қызметкерлері қылмыскердің бұрын басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Сақшылар заттай айғақты тәркіледі.

Полиция азаматтарды сақтық танытып, бөтен адамдарға жеке мүліктерін, әсіресе құнды заттарды, сеніп тапсырмауға шақырады. Кез келген күдікті жағдайлар туындаса, дереу полицияға хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру