Жетісу облысының ПД бастығы өңір тұрғындарымен кездесті
Жетісу облысының ПД бастығы өңір тұрғындарымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов Алакөл және Сарқан аудандарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңірдің қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер ортаға салынып, олардың шешу жолдары қарастырылды.
Бас полицей департаменттің 2024 жылғы қызметінің негізгі қорытындыларын баяндап, құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ қоғамды алаңдатқан бірнеше маңызды мәселелерді көтеріп, олардың алдын алу шаралары жөнінде түсініктеме берді.
Соңғы уақытта азаматтардың сеніміне кіріп, олардың қаржысын алдап алу фактілері жиілеген. Сарқытбай Құсаинов тұрғындарға алаяқтардың айла-амалдарын әшкерелеп, сақтану жолдары туралы кеңестер берді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі қозғалып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі баса айтылды.
Есірткі қылмысына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, бұл дерттің алдын алу үшін қоғам болып күресу қажеттігі ескертілді.
Аудандарда әлі де кездесетін бұл қылмыспен күрес жүргізу және алдын алу шаралары түсіндірілді. Мал иелеріне сақтық шараларын ұстану жөнінде кеңестер берілді.
Кездесуге қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық жадынамалар таратылып, полиция қызметінің түрлі аспектілері таныстырылды. Оның ішінде қызметтік иттердің іздестіру жұмыстары да көрсетілді.
Жиын соңында тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Полиция мен халық арасындағы тығыз байланыс пен өзара сенімділіктің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Көтерілген мәселелер жан-жақты қарастырылып, оларды шешу жолдары белгіленді.