Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең ауқымды форум өтті

Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында кең ауқымды форум өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде интернет-алаяқтық қоғам үшін өзекті мәселеге айналып, алаяқтар заманауи технологияларды пайдаланып, азаматтарды алдап-арбаудың түрлі айла-тәсілдерін қолдануда. Түркістан облысында да бұл қылмыстың өршуі алаңдатарлық жағдай. Осындай заңсыз әрекеттердің алдын алу және тұрғындардың киберқауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен кең ауқымды форум өтті.

Жиынға Түркістан облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Таңат Серікбаев, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Мұхаммедәлі Нысанбек, осы департаменттің ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас маманы Мырзабай Ермахан, “IT STEP ACADEMY” аумақтық директоры Сейдулла Кеңесбайұлы және “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясының IT маманы Арман Әмірбек спикер ретінде қатысты.

Форум аясында интернет-алаяқтықтың алдын алу, қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржы пирамидалары мен киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Жастар, мемлекеттік органдар және банк секторы өкілдерінің өзара іс-қимылын күшейтуге баса мән берілді.

Спикерлер заманауи интернет-алаяқтық схемалары, кибергигиена ережелері және алаяқтардың айла-тәсілдері туралы жан-жақты баяндады. Сондай-ақ қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтыққа байланысты нақты оқиғалар келтіріліп, оларға қарсы іс-қимылдың тиімді әдістері ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру