Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жаяу жүргіншілерге жол бермеген 93 жүргізуші жауапқа тартылды

Қызылордада жаяу жүргіншілерге жол бермеген 93 жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығы мен патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы тәртібін сақтау бағытында үздіксіз жұмыс атқаруда. Осы мақсатта өткізілген "Қауіпсіз жол" іс-шарасы барысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды.

Рейд нәтижесінде жаяу жүргіншіге жол бермеген 93 автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар полицейлер жүргізушілер арасында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолдағы жауапкершілікті сезініп, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру