Қарағанды облысында Ұлттық ұланның әскери бөлімі жаңа медициналық құрылғылармен толықты
6505 әскери бөлімі жаңа медициналық құрылғылармен толықты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Әскердің әлеуеті сарбаздардың қолында. Сондықтан да бүгінгі күнде сарбаздардың денсаулығы маңызды. Бүгінде әскердегі сарбаздардың денсаулығы үшін көптеген жұмыс жасалып жатвр.
Мәселен, осы жылдың 24 ақпан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімі Қарағанды облысы әкімінің қолдауымен жаңа медициналық құрылғылармен толықты. Олардың қатарында, Аксион атты электрокардиограф құрылғылары, сондай-ақ биохимиялық және иммунотурбидиметриялық автоматты анализатор бар. Әскери бөлімге жаңадан әкелінген құрылғылар, арнайы Теміртау қаласында орналасқан №4 поликлиникадан әкелінді.
Қазіргі таңда мамандардың айтуынша, бұл жаңа құрылғылар кез келген ауруды ерте сатыда анықтап, оның алдын алуына өз көмегін тигізеді. Алдағы уақытта аталмыш медициналық құрылғылар, 6505 әскери бөліміндегі зертханаға орналастырылып, әскери қызметшілер үшін жұмыс жасайтын болады.