Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полиция қызметкерлері болашақ заңгерлерді криминалистика саласымен таныстырды

Қызылордада полиция қызметкерлері болашақ заңгерлерді криминалистика саласымен таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурыз — Жедел-криминалистикалық қызметтің құрылған күніне орай, Қызылордада полицейлер болашақ заңгерлер үшін арнайы экскурсия ұйымдастырды. Бұл шара Қызылорда облысы полиция департаментінің криминалистикалық оқу-жаттығу полигонында өткізілді. Экскурсияға Қорқыт Ата атындағы университеттің студенттері қатысты.

Полиция қызметкерлері студенттерге криминалистердің практикалық дағдыларын қолдану процесін көрсетіп, түрлі макеттер мен заттар мұражайы арқылы таныстырды. Студенттер нақты экспонаттар мен практикалық сабақтарда қолданылатын құралдарды өз көздерімен көрді.

Бұл шара Қорқыт Ата атындағы университетпен теория мен практиканы ұштастыру негізінде құрылған өзара ынтымақтастық меморандумы аясында ұйымдастырылды. Экскурсия барысында полиция қызметкерлері студенттерге жедел-криминалистикалық қызметтің қазіргі жетістіктерімен, жас мамандарды даярлау үшін әзірленген бейнемазмұндармен және жаңа техникалық құралдармен таныстырды. Сондай-ақ студенттерге қылмысты ашуда қолданылатын жаңа криминалистикалық технологиялар да көрсетілді.

Полицейлер ұйымдастырған экскурсияға қатысқан жастар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, қажетті жауаптар алды. Экскурсия соңында болашақ заңгерлерге полиция қызметкерлері заңды сақтауға және жол ережелерін бұзбауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру