Қызылорда облысының бас полицейі тұрғындарды жеке қабылдады
Қызылорда облысының бас полицейі жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының полицейлері ашықтық, айқындылық және халықты уақтылы ақпараттандыру мақсатында жүргізілетін жұмысты жетілдіруде. Азаматтарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметінің басты бағыттарының бірі. Полиция департаментінің бастығы әр апта сайын жеке қабылдау өткізіп келеді.
ПД бастығы Серік Ергешов кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға жазылған облыс тұрғындары шағымдарымен, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша кеңес алу мақсатында жүгінді.
Серік Ергешов тұрғындардың талап – тілегін мұқият тыңдап, заңға сәйкес түсіндірме берді.
– Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау барысы полиция департаментінің қатаң бақылауында. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды. Олардың әрбір қылмыстық істер аясында айтылған барлық уәждері назарға алынып, сол істердің аясында түсіндірмелер беріліп, бақылауға алынды. Азаматтардың өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады, – деді департамент бастығы.