Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі жаңа бөлімшені таныстырды

Петропавлда полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі жаңа бөлімшені жұртшылыққа таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полицейлер облыстық жұртшылықтың нәзік жанды өкілдерімен кездесті. Олардың қатарында – шенеуніктер, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, оқытушылар, журналистер және басқа да салалардың мамандары бар. Негізгі талқыланған мәселе – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг мәселелері.

Полицейлер жаңа бөлімшенің — Петропавл қаласы полиция басқармасының құрамындағы жергілікті полиция қызметі бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, бірқатар бірлескен жобаларымен бөлісті. Мысалы, балаларды дамыту мекемелерінің бірінде балалар қауіпсіздігі бойынша тренинг өткізу, мемлекеттік органның әйел қызметкерлері арасында семинар ұйымдастыру жоспарланған. Отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбында спектакль қою мүмкіндігі талқылануда.

Сондай-ақ полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл алгоритмдері жазылған жадынамалар мен әдістемелік материалдарды таратты. Нақты мәселелер де талқыланды.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар ортақ өзекті мәселелерді тізбектеді, алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруды және ақпарат алмасуды келісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру