Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көліктен қоқыс лақтырған жүргізушіге айыппұл салынды

Павлодарда көліктен қоқыс лақтырған жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заманауи технологиялардың көмегімен қоршаған ортаны ластау арқылы заңды бұзушыларға мүмкіндік қалмайды. Бейнебақылау камералары экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың алдын алуға көмектесуде.

Павлодар қаласында ЖБО инспекторы Майра көшесінде көлігінің салонында отырып, қоқыс тастаған адамды тіркеді. Осы әрекеті арқылы ол айналасындағыларға құрметсіздік танытты. Құқық бұзушыға жалпы пайдалануға арналған орындарды ластағаны үшін айыппұл салынды. Әкімшілік материал толтырылды.

Жыл басынан бері Павлодар облысында жалпы пайдалануға арналған орындарды ластағаны үшін 350-ге жуық тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Заң және тәртіп» қағидаты Ішкі істер органдарының басты бағыттарының бірі болып табылады. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға күш салуда. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру