Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер студенттерге ерекше сабақ өткізді

СҚО-да полицейлер студенттерге ерекше сабақ өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан университетінде заң мамандықтарына оқып жатқан студенттерге полицейлер барып қайтты. Олар нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес шараларына арналған семинар-практикумға қатысты, сақшылармен бірге төртаяқты көмекшілер де келді. Дәріс аудиториясында спаниель Гретта мефедронның иісінің имитаторын жылдам тауып алды, ал овчарка Белла қызметтік-іздестіру иттерінің қылмыскерлерді қалай ұстайтынын көрсетті.

Полицейлер 160-қа жуық болашақ заңгерлерді есірткінің заңсыз айналымына қатысты заңнама нормаларымен, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар – кураторлар, өндірушілер, тасымалдаушылар үшін жауапкершілікті қатаңдатумен таныстырды. Мәселен, жыл басынан СҚО-да екі тасымалдаушы ұсталды. Полиция қызметкерлері қылмыспен күрестің әдістерін жетілдіруде, бүгінде есірткі өткізудің тізбегін бастан-аяқ анықтауға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары студенттерге қауіпсіз жүріп-тұрудың негізі қағидалары туралы айтып, заңға қайшы әрекеттерге еріп кетуден аулақ болуға, бейтаныс адамдардың әлдебір заттарды, сөмкелерді жеткізіп беру туралы өтініштеріне келіспеуге шақырды.

Полиция қызметкерлері аталмыш жоғары оқу орнымен бірнеше жыл өзара іс-қимыл жасасып келеді, заңнаманы терең зерттеуге көмектеседі. Полиция ардагерлері Александр Лобода, Игорь Семенов сияқты көптеген оқытушылар жастар арасында өз тәжірибелерімен бөлісіп, оларды құқық қорғау қызметімен таныстыруға атсалысуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру