Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясында әйелдер арасында волейболдан турнир өтті

Алматы полициясында әйелдер арасында волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйел полицейлер арасында волейболдан турнир өтті.

Жарысқа 12 командадан құралған полиция департаменті қызметтері мен бөлімшелерінің 80 қызметкері қатысты. Әділқазылар алқасының хаттамасы бойынша жалпыкомандалық есепте 1-орынды ЖҚАЖ командасы, 2-орын Бостандық аудандық ПБ құрама командасына, ал үшінші құрметті орынды Медеу аудандық ПБ-ның қызметкерлері иеленді.

Сонымен қатар, "Үздік ойыншы" номинациясы бойынша Бостандық аудандық ПБ-ның криминалисті Мөлдір Карбозова, "Үздік қорғаушы" номинациясында Медеу аудандық ПБ ювеналды полиция инспекторы Алмагүл Жетен, ал "Үздік шабуылшы" номинациясын ЖҚАЖ инспекторы Айзада Сарсенова иеленді.

Жеңімпаздар кубок, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру