Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолаушылар пойызы қараусыз жүрген малдың кесірінен тоқтауға мәжбүр болды

Жамбыл облысында қараусыз жайылып жүрген алты қой жолаушылар пойызының шұғыл тоқтауына себеп болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың екі айында Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың 222 шұғыл тежелу оқиғасы тіркелді. Оның 171-і теміржол бойында үй жануарларының болуына байланысты орын алған.

Соңғы оқиғалардың бірі Жамбыл облысында тіркелді. Алматы – Маңғыстау бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан темір жол көлігі алты қойды басып кетті.

Пойыздың жоспарсыз тоқтау уақыты 5 минутты құрады.

Тексеру барысында көлік полицейлері теміржол қорғау аймағында мал жаю ережелерін бұзған мал иесін анықтады. Оған қатысты әкімшілік жаза қолданылды.

Бұл жайт үй жануарларының иелері белгіленген қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтауы қажет екенін және теміржол маңындағы мал жаюға бақылауды мейілінше күшейту керектігін тағы бір мәрте еске салды.

Мал иелерінің назарына: теміржол қорғау аймағында және теміржолға жақын жерде мал жаюға болмайды. Бұл ережелерді бұзу жануарлардың өліміне, жылжымалы құрамның зақымдануына, сондай-ақ пойыздың шұғыл тежелуі салдарынан жолаушылардың жарақат алуына әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру