Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Офицер болу – мықтылардың таңдауы: Ләззат Исабекова полицияға қалай келді

Ләззат Исабекова полицияға қалай келгені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарында мыңдаған әйел қызмет етеді, олар күн сайын ерлік, табандылық және кәсібилік жынысқа тәуелді емес екенін дәлелдеп келеді. Олар заңның күзетінде, қылмыстарды ашуда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және құқық қорғау органдарының жаңа тобын құра отырып, кадрлық жұмыстармен айналысады.

Осындай батыл әйелдердің бірі – облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Ляззат Исабекова. Ол құқық қорғау органдарында 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде күрделі жолдан өтті, бірақ бір сәт те өз таңдауына күмәнданған емес.

Бүгінде полиция қызметінің маңызды тұстарының бірі – кадр мәселесіне Ләззат Балтабайқызы жауапты. Ертең кімнің қатарда тұрып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні оның шешімдері мен стратегиясына байланысты.

– Полицияға әртүрлі мінезді адамдар келеді, бірақ олардың бәрін ортақ мақсат біріктіреді – елге қызмет ету, азаматтардың тыныштығын қорғау. Біздің міндетіміз – тек үміткерлерді таңдап алу ғана емес, оларды үлкен ұжымның бір бөлігі ету, жоғары жауапкершілік жағдайында жұмыс істеуге үйрету және қызметтік борышқа адалдықты қалыптастыру, – дейді Л. Исабекова.

Погондағы әйел – қатал басшы немесе жауапты қызметкер ғана емес, аяулы ана, қамқор жар, адал дос. Айта кетейік, Ләззат Балтабайқызы жас әже. Ол ең бастысы жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті таба білу екеніне сенімді, өйткені жақындарының қолдауынсыз мамандықта табысқа жету мүмкін емес.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ішкі істер органдарында қызмет етіп жүрген барлық әйелдерге алғыс білдіргіміз келеді. Олар – тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сондай-ақ құқықтық тәртіптің сенімді сақшылары. Олардың еңбегі – қайсарлықтың, жанкештіліктің және өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру