Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Елордада полиция департаментінің жедел-іздестіру бөлімі "Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасы барысында интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер вейптерді заңсыз таратты деген күдікке ілінген 35 жастағы азаматты анықтады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті қаладағы дүкендердің бірінің қоймасын заңсыз өнімді саудалау үшін пайдаланған. Тінту кезінде жедел уәкілдер 163 вейпті тауып, тәркіледі.

Ер адамның айтуынша, бұл темекі өнімдері бұрынғы сатылымнан қалған. Алайда ол тыйым салынғанына қарамастан, қызметін жалғастырып, әлеуметтік желілер арқылы және курьерлердің көмегімен тұрақты клиенттеріне жеткізіп отырған. Бір вейптің бағасы 5-10 мың теңге аралығында болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру