Елордада үш жасырын ет өңдеу цехы анықталды
Елордада “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы барысында үш жасырын цех анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында мал ұрлығының алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Оның барысында заңсыз жұмыс істеген үш жасырын ет өңдеу цехы анықталды.
Жедел іс-шара барысында шаруа қожалықтарының үш нысаны, фермалар мен жайылымдық жерлер, бес қасапхана
тексеріліп, шаруа қожалықтарының иелерімен санитарлық нормалар туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 3 дерегі анықталды. 30 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркеліп, хаттамалар толтырылды.
Қазіргі таңда қосымша тергеу жүргізіліп, ұйымдастырушыларға қатысты шаралар қабылдануда.