Қауіпсіздік белдігін тақпаған 1622 павлодарлық жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды
Жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпаған1622 павлодарлық жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы полициясының тұрақты профилактикалық жұмыстарына қарамастан, жол жүру ережелерін жиі бұзатын құқық бұзушылықтардың бірі – қауіпсіздік белдігін тақпау.
Жыл басынан бері 1622 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Мысалы Н.Назарбаев пен Амангелді көшелерінің қиылысында орналасқан ЖБО камералары Jak маркалы автокөлігін тіркеді. Бұл көліктің жүргізушісі көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған. Ал басқа жағдайда Н.Назарбаев көшесінде Toyota автомашинасының жүргізушісі мен жолаушысы да қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды. Құқық бұзушылар өз әрекеттерін "белдікті ұмытып кету" ретінде түсіндірді. Осы екі жағдай бойынша әкімшілік материалдар толтырылды, - деп мәлімет берді Павлодар облысының полиция департаменті.
Полиция азаматтарға жол ережелерін қатаң сақтауды, жолда сергек және мұқият болуды ескертеді. Өйткені жол қозғалысының басқа қатысушылары сіздердің кінәларыңыздан зардап шегуі мүмкін.
Егер жүргізуші қауіпсіздік белдігін өмірді сақтайтын құрал деп санап, үйіне тірі оралғысы келсе, онда ол міндетті түрде белдігін тағуы қажет. Алайда егер бұл жайлы ережені елемей, белдік тағудан бас тартса, жүргізуші айыппұл төлеп, өзіне немесе жолдағы басқа адамдарға қауіп төндіруі мүмкін.
"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.