Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды

Астанада жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды, —деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері Тұран даңғылының бойында Toyota автокөлігін тоқтатты.

Тексеру нәтижесінде 20 жастағы көлік жүргізушісінің айыппұл төлеуден жалтару мақсатында өзге көлікке тиесілі мемлекеттік нөмірді таққаны мәлім болды. Осыған байланысты оған ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы, 4-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот қаулысына сәйкес, аталған азамат бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды және екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады және заң талаптарын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру