Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде ПД бастамасымен "Таңдау" әлеуметтік қойылымының премьерасы өтті

Өскеменде ПД бастамасымен "Таңдау" әлеуметтік қойылымының премьерасы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласында полиция департаментінің бастамасымен қойылған "Таңдау" атты әлеуметтік спектакльдің премьерасы өтті. Бұл қойылым республикалық "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өскелең ұрпақпен жүргізілетін ауқымды алдын алу жұмысының бір бөлігіне айналды.

Қойылымды алғашқылардың бірі болып 700-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері тамашалады. Қойылымда дұрыс жолдан жаңылудың қаншалықты оңай екені, саналы таңдау жасаудың қиындығы мен қателіктің құны туралы өткір мәселелер қозғалды.

— Біз жастардың жүрегіне жететін диалог түрлерін іздестірудеміз. Театр — бұл жастармен шынайы, эмоциялық және өнеге оқымай сөйлесудің мүмкіндігі. Бұл — өнер арқылы тікелей профилактика, — деп атап өтті ШҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Алмаз Төкенов.

Жантай Тұрысбеков жазған және сахналаған "Таңдау" спектаклі спорт пен қылмыстың, үміт пен күйреудің арасында тұрған бозбаланың тағдырын баяндайды. Қойылымның басты идеясы — әрбір таңдаудың артында жеке, ата-аналық және қоғамдық тағдыр тұратынын көрсету.
Қойылым "Заң және тәртіп" қағидатын насихаттап, жастарды саналы әрі батыл өмірлік шешімдер қабылдауға үндейді. ШҚО полицейлері жас жүректерге дұрыс жол таңдауға көмектесу мақсатында профилактикалық жұмысты шығармашылық тәсілмен жалғастыруға ниетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру